Шарт негізінде статистикалық ақпаратты қалыптастыру
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 және 26-баптарына сәйкес өтеулі негізде жеке және заңды тұлғалар үшін статистикалық ақпаратты береді.