ТАРИХ

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы №1552 қаулысына сәйкес құрылды.

2. Кәсіпорынның негізгі мақсаты бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйені жетілдіруге қатысу, пайдаланушыларға жедел және сенімді қызмет көрсету үшін заманауи ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады.

Кәсіпорынның құқықтық негізі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 34-VІ Заңы.